Спорт

Конференция лигасы: «Астана» сырт алаңда молдавалық клубпен тең ойнады

сурет: https://www.sports.kz

Елордалық клуб кездесудің соңғы минуттарында қолда тұрған жеңістен айырылып қалды.

Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі матчта «Астана» сырт алаңда молдавиялық «Милсамимен» ойнады, деп хабарлады turkystan.kz.

Командалар алғашқы минуттардан-ақ бір-біріне шабуыл жасап, көп қауіп төндірді. Бірақ екі команда да үзіліске дейін гол соға алмады. Ал екінші таймның бастапқы минуттарында қонақтар қақпасына Назми Грипша гол соқты. Алайда «Астана» футбол клубы матчтың 90-минутында қолда тұрған жеңістен айырылып қалды. Осылайша, екі команда тең тарқасты. Айта кетейік, командалар арасындағы қарымта ойын 1 тамызда Алматыда өтеді.