Астанада 3 жастағы бала төртінші қабаттан құлап кетті

25 шілде, 2024 / Өтей Торғайұлы
Сурет: www.istockphoto.com
Үш жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлаған.

Оқиға бүгін Астана қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болған, деп жазды turkystan.kz.

"Түрлі жарақаттары бар ұлбала ауруханаға жатқызылды", - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тэгтер:

Астана Терезе Құлау