"Жалпы жасы – 227 жыл": Жапонияда "аталар" атты қылмыстық топ ұсталды
Әр "атаның" өз рөлі болған
Жапония полициясы «аталар» деп аталатын қылмыстық топты ұстады. Қылмыстық топ мүшелерінің жасын қосса, 227 жыл шығады, деп жазды scmp.com.
Үш адамнан тұратын топ бірнеше тонау оқиғасынан кейін қамауға алынған.
Әр "атаның" өз рөлі болған: үлкені (88 жаста) тонаса, ортаншысы (70 жаста) жүргізуші болған, ал кішісі (69 жаста) ұрланған заттарды сатумен айналысқан.
Оларға 200 иен (1,3 АҚШ доллары) және жалпы құны 10 000 иен (65 АҚШ доллары) болатын үш бөтелке виски ұрлады деген айып тағылды.