Астанада құрылысшының басына кірпіш құлап, қаза болды (ВИДЕО)

25 шілде, 2024 / Анель Жарылғасын
istockphoto.com
Қайғылы оқиға 19 шілдеде болған.

Әлеуметтік желіде Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде жатқан ер адамның видеосы пайда болды. Видеода ер адамның биіктен құлап кеткенін айтылған

Алайда елордалық полиция департаменті биіктен құлау фактісін жоққа шығарып, құрылыс алаңында жұмысшының басына кірпіш құлап, мерт болғанын мәлімдеді.

Мәліметтерге сенсек, қайғылы оқиға 19 шілдеде болған.

«Биыл 19 шілдеде Астанада құрылыс алаңында жұмысшының өліміне байланысты полиция қызметкерлері абайсызда адам өліміне әкелген құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», – делінген елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тэгтер:

Астана қаза құрылысшы