Қоғам

«Мамырда жоғалып кеткен»: Өскеменде 21 жастағы жігіт өлі күйінде табылды

instagram/volontery_almaty_lider.kz

21 жастағы Жандос Баянов осы жылдың 15 мамырында Өскемендегі АДК аумағында жоғалып кеткен.

Өскеменде жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт өлі күйінде табылды. Бұл туралы еріктілер хабарлады. Ақпаратты Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.

Еріктілердің айтуынша, 21 жастағы Жандос Баянов осы жылдың 15 мамырында Өскемендегі АДК аумағында жоғалып кеткен.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, полицейлерге Прапорщиково ауылының шетіндегі Ертіс өзенінің арнасынан жігіттің денесі табылғаны турплы хабарлама келіп түскен. Марқұмның денесінде көзге көрінетін жарақаттар анықталмаған.

«Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, сараптамалар тағайындалды», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.