Жаңалықтар

«Қымбат сыйлық бердім»: Әнші Тұрар Ыдырысты продюсері сотқа берген

скриншот

Тұрар Ыдырыс продюсерден кеткеннен кейін, оған алғыс ретінде Porsche Panamera көлігін сыйлаған.

Танымал әнші Тұрар Ыдырыс Динара Сәтжанға берген сұхбатында продюсермен не себепті жұмыс істей алмағанын мәлім етті. Өнер иесінің экс-продюсері келісімшартты орындамағаны үшін оны сотқа берген. Бұл туралы ол

Алайда продюсері әншіні сотқа бергенімен, кейін олар бұл мәселені өзара шешкен. Сондай-ақ Тұрар Ыдырыс продюсерден кеткеннен кейін, оған алғыс ретінде Porsche Panamera көлігін сыйлаған.

«3 жылдай продюсермен жұмыс істедім. Кететін кезде екеуміз келіса алмай қалдық. Сол сәтте дұрыс кету керек еді. Менің де балалығым болды. Бізде бес жылға келісімшарт болды. Мен үш жылдан кейін кетем дегенде ол кісі сотқа берді. Бірақ кейін бәрі шешілді. Мен бұрынғы продюсеріме Porsche Manamera сыйладым. Бірінші сөйлестік. Негізі мүмкіндік болғанда мен оны бірден беретін едім. Мен продюсерден кеткен соң ақшам болған жоқ. Бір жылдай жұмыс істеп, бірінші табысыма алған дүние. Ол кісінің маған еңбегі сіңді. Сол үшін осылай қымбат сый беріп кеткенім дұрыс болады деп шештім. Бұл менің рақметім ретінде берілген сыйлық», - деді өнер иесі.