Жаңалықтар

«Атырау мұнай өңдеу зауытының» директоры 1,9 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

kmg.kz

М.А.Мұратовқа қатысты қылмыстық істі аяқталып, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қаржылық мониторинг агенттігі "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бұрынғы бас директоры М.Досмұратовқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

"Тергеу қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдалану фактісі бойынша жүргізілді, бұл мемлекетке аса ірі залал түрінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырды.  

Мұрат Досмұратов 2022-2023 жылдар аралығында жеткізушінің жеткізілген жабдыққа тиесілі кепілдік мерзімі уақытында АМӨЗ қаражатынан ақшалай қаражатты негізсіз бөліп, жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге технологиялық жабдықты жөндеу бойынша тиісті шарт жасасты деп күдіктелініп жатыр", - делінген ҚМА хабарламасында. 

М.А.Мұратовқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жария етілмейді. 

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.