Жаңалықтар

Қостанай қаласының бас имамы мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынды

akmechet.kz

Ол Бурабайдағы түнгі клубтардың бірінен жанында масаң күйде көлігін жүргізіп, бара жатқанда ұсталған.

Қостанайдың бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы 15 тәулікке қамалды және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Ulysmedia.kz басылымына сілтеме жасап.

Ол Бурабайдағы түнгі клубтардың бірінен жанында масаң күйде көлігін жүргізіп, бара жатқанда ұсталған.

«Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша 15 (он бес) тәулікке қамаққа алу және 7 (жеті) жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалсын.Қамаққа алу уақыты 2024 жылғы 23 шілде сәуір сағат 16:53 минуттан бастап есептелсін», – деп жазылған сот қаулысында.