Жаңалықтар

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Тайландта өткен бокс кешінде жеңімпаз атанды

Теміржан Баймолда осымен алтыншы кездесуінде жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы Теміржан Баймолда (5-0, 3 КО) кәсіби бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

24 жастағы Баймолда Бангкокте (Таиланд) өткен бокс кешінде жергілікті былғары қолғап шебері Афиф Арронгқа (4-5, 3 КО) қарсы жұдырықтасты. Джентльмен деген лақап аты бар Баймолда төрт  раундта басымдық танытып, төрешілер шешімі бойынша жеңімпаз атанды.

Осылайша, Теміржан Баймолда кәсіби бокстағы алтыншы кездесуіне жеңіске жетіп, жеңіліп көрмеген боксшылардың қатарын толықтырды.