Қоғам

«Абайлап сөйлеңіз»: Мақпал Жүнісова қызына тіл тигізген желі қолданушысына ескерту жасады

Өнер иесінің айтуынша, тыңдармандарының арасында “Мерейге шындықты айтпауың керек еді, бейшара қыздың өмірін құрттың” деп сөгетіндер әлі күнге дейін бар көрінеді.

Халық әртісі Мақпал Жүнісова қызы Мерейге қатысты шындықты не үшін жайып салғанын оқырмандарына айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

“Шындықты айтқанымызға мен де, Мерей де өкінген жоқ. Бейшара қыз емес. Абайлап сөйлеңіз. Зәкең 18 жасқа толғанда өзім айтамын деген. Мен айтпасам, ертең сіз сияқты басқа адамдар айтып қояды. Оданда өз аузымнан естісін. Өзімнің туған бауырымның қызын бауырға бастық. Ертең күйеуге шығарда өзінің руы мен тегін білгені дұрыс”, – деп жазды халық әртісі.

Сонымен қатар қызының туған күніне қандай сыйлық бергенін де айтып, фотосын жүктеді. 

“Қыздар демалып келсін деп шетелге жібердім. Мерей енді фотоларын желіге жүктеп жатыр. Туған күніне сыйлығым сол болды”, – деп жазды әнші.