Эфиопияда лай көшкінінен 150-ден астам адам қаза тапты
Мәліметке сүйенсек, лай көшкіні екі ауылды бірдей басып қалған.
Эфиопияда лай көшкінінен 150-ден астам адам қаза тапты, бұл туралы euronews.com жазды.
Нөсер жаңбыр туындатқан апат елдің оңтүстігінде болған. Мәліметке сүйенсек, лай көшкіні екі ауылды бірдей басып қалған. Бірінші ауылға таңсәріде, екінші ауылға түске жақын жеткен. Лай көшкіні оқиға орнында жұмыс істеп жүргендерді де басып қалған.
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, лайдан кем дегенде бес адамды құтқарып алуға мүмкіндік туған, бірақ әр сағат сайын тірі қалғандарды табуға деген үміт азайып барады.