Спорт

«Картоннан жасалған»: Қазақстандық боксшы Олимпиада қалашығындағы бөлмесін көрсетті

скриншот

Оның айтуынша, жататын бөлмелері өте тар және төсегі картоннан жасалған.

Парижге ел намысын қорғауға кеткен қазақстандық боксшылардың бірі Назым Қызайбай Олимпиада қалашығындағы бөлмесін көрсетті.

Спортшы Париждегі бөлмесін видеоға түсіріп, TikTok желісіндегі ресми парақшасына жариялады.

«Бұл мен жататын бөлме. Ең кішкентай, тар бөлме екен. Төсектер картоннан жасалған. Жаныма тағы бір спортшы келіп тұрады. Қазіргі таңда жалғыз тұрып жатырмын. Әзірге орналасып, жаттығуымызды жалғастырып жатырмыз. 25 шілдеде жеребе болады. Дұғада болыңыздар», - деді боксшы.

Айта кетейік, Назым Қызайбай Париждегі сайыста 50 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Назымнан бөлек, әйелдер боксынан ел намысын Валентина Хальзова (75 кг) мен Карина Ибрагимова (57 кг) қорғайды.