Қоғам

«Екі әйел мен бала бар»: Астанадағы мектептің аумағында төбелес болды

скриншот

Куәгерлер оқиға орнынан видео түсірген.

Полиция Астанадағы мектептің маңында болған төбелеске қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлер оқиға орнынан видео түсірген. Кадрларда екі ер адам төбелесіп, артынша үшінші адам төбелеске қосылып кеткенін көруге болады. Оқиға орнында ер адамдардан бөлек екі әйел мен бала бар. 

Астананың Полиция департаментінің баспасөз қызметі төбелес шығарғандар ұсталғанын хабарлады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеріс жүріп жатыр.