Жаңалықтар

Екі күн бұрын жоғалып кеткен қызылордалық жігіт өлі күйінде табылды

Сурет: www.istockphoto.com

Өлімнің нақты себебі анықталып жатыр.

Жоғалған азаматты іздестіру жұмыстарына екі күн бойы Полиция департаментінің, қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысты, деп хабарлады turkystan.kz порталы inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«23 шілде күні жоғалған адамның денесі табылды. Аталған дерек Қызылорда қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебі анықталуда. Бұл мақсатта қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы күтілуде. Жеке басы анықталған. Тергеу әрекеттері жалғасуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.