Қоғам

«Қала көшелерінде ұрылар көп»: Жұлдыз Әбдікәрімова Барселонадағы әсерін айтты

Оның айтуынша, ұрыларды өзге елден келген туристер жазалай алмайды.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Барселонаға сапары жайлы айтып берді, деп жазды turkystan.kz.

«Бұл қалада көне архитектурамен қатар заманауи зәулім сарайларды да кездестіресіз. Әр үйдің төбесінде серуендеуге арналған верандалар бар. Қылтималары (балкондар) бөлек. Жазы ыстық. Ал қыста (+12+18) үйлер керекті деңгейде жылытылмайды. Суды әр отбасы мүшелеріне сай өлшеп жаратады. Қала көшелерінде ұрылар көп. Алайда туристер оларды жазалай алмайды. Барселонаның жануарлар әлеміндегі символы – есек пен мысық. Көшелердегі сары ленталар – “Каталония - не Испания” -дегенді білдіреді. Барселона опера театры Еуропадағы ең сәнді театр болып саналады. 1994 жылы театрдың ескі ғимараты өртке оранған. Кейіннен ол қайырымды жандардың көмегімен қайта қалыпқа келтірілді. Көптеген әлемдік опера жұлдыздары арнайы концерттер өткізіп, түскен барлық қаражатты театр құрылысына аударған. Ұлы суретші Пабло Пикассо өз туындылары үшін осы қаланы таңдаған. Өткен ғасырдың ортасында ашылған Барселонадағы Камп Ноу стадионы әлі де сыйымдылығы жағынан Еуропадағы ең үлкені. Оның трибунасында 100 000-ға дейін көрермен бір уақытта футбол матчтарын көре алады. Дәл қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Барселона аумағында Испаниядағы ең үлкен қалалық саябақ Монжуик орналасқан. Ауданы 203 гектарға дейін. Еуропадағы алып саябақтардың тізіміне енгізілген», - деді актриса.