Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге ауыстырылды

Жоғарғы сот

Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлім етті.

Қуандық Бишімбаев уақытша ұстау изоляторынан қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге ауыстырылды. Алайда қай өңірдегі мекемеге жеткізілгені нақтыланған жоқ, деп хабарлады turkystan.kz сайты NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Бұл сотталған адам сот үкімі бойынша қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге ауыстырылды. Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар бекітілген жері бойынша жазасын өтеу орындарына жіберіледі», - деп мәлімдеді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі өкілдері.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 93-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмеді.