Жаңалықтар

«Мектеп директоры жұмыстан қуылды»: Павлодар облысында 12 жастағы қыз босанды

Тергеу жұмыстары әлі бітпеді.

Павлодар облысында ауыл мектебінде оқитын 12 жастағы қыз босанды, деп хабарлайды turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасының өкілдері қыздың аяғы ауыр екенін ол босанбай тұрып білгенін әрі бұл іске қатысты тергеу жұмыстары белгіленгенін айтты. Әрі олар қыздың жағдайы туралы мектепте оқып жүргенде анықтағанын айтады.

«Бұл жайт аудандардың бірінде болған. Мектеп әкімшілігі анықтаған. Тергеу жұмыстары әлі бітпеді», – дейді ведомство өкілдері.

Белгілі болғандай, мектеп директорын жұмыстан шығару туралы шешім қабылдаған. Сондай-ақ білім бөлімінің басшысы қатаң сөгіс алған.