Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер комитеті маңызды мәлімдеме жасады

Istockphoto.com

Алаяқтардан салық төлеушілерге жалған хабарламалар/хабардар келетін жағдайлар жиілеп кетті.

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтардың жалған хабарламаларына байланысты қазақстандық салық төлеушілерге ескерту жариялады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

Комитет ақпаратынша, бүгінде салық төлеушілердің электрондық мекен-жайларына жіберілетін "банк шоттарындағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алуды бұзушылықтарды жою туралы ескерту" деген тақырыппен жалған хабарламалар/хабардар жағдайлары жиілеп кетті. 

  «Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік кірістер органдары қалыптастыратын барлық хабарламалар нормативтік-құқықтық актілермен бекітілгенін хабарлайды. ҚМ МКК ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарлама нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде жасалады», - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Мемлекеттік кірістер комитеті ақпараттық жүйелері хабарламаларды тек «салық төлеушінің кабинетіне», «электрондық үкімет» порталының жеке кабинетіне және E-salyq мобильді қосымшаларына жібереді.

«Салық төлеуші хабарламалардың бір бөлігін бірден өзінің жеке кабинетінде КТС, ЭҮП немесе ESA, ESO-да көре алады. Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылған хабарламалар салық төлеуші қол қойылған PDF нысанын өзінің электрондық поштасына КТС немесе ЭҮП арқылы дербес сұратады», - деп атап өтті комитет өкілдері.

 

Осыған байланысты, мемлекеттік кірістер комитеті қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, қолма-қол ақша аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді.