Алматы облысында табылған адам сүйегі үш жастағы қызға тиесілі болуы мүмкін

22 шілде, 2024 / Өтей Торғайұлы
Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов ақпарат таратты.

2024 жылдың 22 шілдесінде Еңбекшіқазақ ауданының полициясына адам сүйектерінің табылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

"Сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалып өткізілуде", - деп жазды полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Еске салайық, үш жастағы Айя-София 17 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда.

Тэгтер:

күдікті Алматы облысы қыз