Айгүл Иманбаева желіде жалғыз басты әйелдер жайлы айтты
Ол жалғыз басты әйелдердің энергиялары жайлы сөз қозғады.
Әнші әлеуметтік желіде жалғыз басты әйелдердің жан жарасы жайлы айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Жалғыз басты әйелге еркектің күшіндей-күш, еркектің энергиясындай-энергия, кейде еркектің психологиясы да қажет болады. Әрине еркек бола алмайсың бірақ балаңды жеткізу үшін, қоғамда өзіңнің орнынды алу үшін, қажымайтын-қайрат, күш, білім керек болады және өзіңді сыйлата білу үшін мінез керек болады. Былай айтқанда әйелдік нәзік энергияңды еркектік энергияға айырбастауға тура келеді. Сіздер осыған келісесіздер ме?», - деді Айгүл Иманбаева.