29 шілдеден бастап «Алматы жастары» бағдарламасына өтініш қабылдау басталады

22 шілде, 2024 / Анель Жарылғасын
istockphoto.com
Құжаттар 29 шілде мен 7 тамыз аралығында қабылданады.

«Алматы жастары» жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады.

Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мәлім еткендей, бағдарлама бойынша өтінімдер мен құжаттар 29 шілде мен 7 тамыз аралығында мына сайтта қабылданады.

Сайтта өтініш пен құжат қабылдау электронды цифрлы қолтаңба арқылы жүзеге асады. 

Несиенің ең жоғары сомасы — 18 млн теңгеге дейін. Сыйақы мөлшерлемесі — 5, бастапқы жарнасы — 10 пайыз.

Қатысушының жаңа салынған немесе қолданыстағы тұрғын үй нарығынан үй таңдау мүмкіндігі бар. Бағдарламаға қамтылатындар саны — 1200 адам.

Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:

Еске салайық, «Алматы жастары 3.0» тұрғын үй бағдарламасы төмен пайыздық мөлшерлемемен 2020 жылы басталған болатын.

Оған 35 жасқа дейінгі алматылықтар қатыса алады.

Айта кетейік, «Алматы жастары» бағдарламасына қатысу үшін қалада тұрақты тіркелу міндетті емес.

Тэгтер:

Алматы жастар Тұрғын үй бағдарламасы өтінім