Спорт

«Өмірден өтті»: Қазақстандық файтер жекпе-жегіне 3 сағат қалғанда суық хабар естіді

скриншот

Спортшы қайғылы жағдайды естігеніне қарамастан жекпе-жекке шығып, жеңіске жетті.

Қазақстандық файтер Ернат Түгелбеков ресейлік спортшы Кирилл Самброспен өтетін жекпе-жегіне 3 сағат қалғанда, анасының өмірден өткені жайлы суық хабар естіген.

Спортшы қайғылы жағдайды естігеніне қарамастан жекпе-жекке шығып, жеңіске жетті.

Екі файтер Nomad Fighting Championship лигасының турнирінде кездесті. Үш раундқа созылған бәсекеде Ернат Түгелбеков төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін қазақстандық файтер жеңісін марқұм анасына арнайтынын айтты.

 «Қарсыласыма алғыс айтамын. Осы жеңісімді анама арнаймын. Үш сағат бұрын суық хабар келген. Таңертең анам өмірден өтті. Анашым, жаның жәннатта болсын. Ақша керек болды, сондықтан жекпе-жекке шығуға тура келді. Анам жеті жыл қатерлі ісік ауруымен ауырды. Дертінен жазылғаннан кейін, Меккеге, Дубайға апарғым келген. Жеті жыл қиналды, қатты ауырды. Қыдыртамын деп едім», - деді спортшы көз жасына ерік беріп.