Жаһан

Бір апта бұрын тойы болған: Дағыстанда 19 жастағы келіншек квестте тірідей өртеніп кетті

сурет: stav.kp.ru

Квесттің иелерінің бірі Гусейн Ибрагимов ұсталды.

Дағыстанда квестте болған қайғылы оқиғадан соң қылмыстық іс қозғалды. Қаза болған қыздардың бірі небәрі бір апта бұрын ғана тұрмысқа шыққан.

БАҚ-та тараған мәліметтерге сүйенсек, 19 жастағы Асият және оның жұбайы, 25 жастағы Мадина қазіргі кезде "қорқыныш үйі" деген атпен танымал квест-бөлмеге барған. 

«Қорқыныш үйі» қызметкерлері оларды орындыққа байлап, ағаш кесетін электр арамен шошытқан, керосин құйып от жағып қорқытқан. Ойынның мақсаты бөлмеден шығу болған. Дегенмен, ойын кезінде актерлердің бірі арнайы қолғапты жағып, оны бензин және керосин жатқан жерге тастап жіберген. Осылайша, бөлмеде өрт шыққан. Актер қашып кеткен. Өрт ішінде қалған үшеу орындыққа байлаулы күйде қалған. Көмекке ешкім келмеген.

19 жастағы Асият қаза тапты. Оның күйеуі 20 жастағы Саид жан сақтау бөлімінде жатыр, оның денесінің 50%-ын күйік шалған. Екінші қыз, 25 жастағы Мадина ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен, денесінің 97%-ы күйген. Ол ауруханада ауыр халде жатып, жан тапсырды.

Квесттің иелерінің бірі Гусейн Ибрагимов ұсталды.

Тараған мәліметтерге сүйенсек, жертөледегі ғимаратта ешқандай өрт қауіпсіздігі жүйесі болмаған және тексеру жүргізілмеген.