Грек-рим күресінен Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы 9 медаль жеңіп алды
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 185 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.
Таиландта грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Аталған сында қазақстандық балуандар 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Юсуф Ашрапов (67 келі) пен Ерасыл Жеңіс (82 келі) алтын жүлдегер атанды.
Арсен Жұма, Бағылан Қуанышев, Рахат Бержанов пен Джохар Узаровтың еншісінде күміс бар.
Ал Айбек Айтбеков, Тайым Амангелді және Диас Сейітқалиевтер турнирдің қола жүлдегерлері атанды.
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 185 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.