Жаңалықтар

«Еш жері сынбаған»: 13-қабаттан құлаған 22 жастағы қыз аман қалды (ВИДЕО)

istockphoto.com

22 жастағы қыз түрегеліп, жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған.

Ресейдің Новосібір қаласында 13-қабаттан құлаған қыз 22 жастағы қыз аман қалды, деп хабарлайды turkystan.kz «Комсомольская правда» сайтына сілтеме жасап.

Бейнебақылау камерасына қыздың гүлзарға ет бетімен құлаған сәті түсіп қалған. 22 жастағы қыз бірнеше секунд қозғалыссыз жатады. Кейін түрегеліп, жедел жәрлем қызметкерлерін шақырған.

Көршілер оның 13-қабаттан құлағанын айтады.

«Ол қыз дін аман. Ауруханада, тексерістен өтті. Өкпесіне зақым келген. Беті көгерген. Еш жері сынбаған», – дейді көршілері.