Жаңалықтар

Бүгін еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Pixabay

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 22 шілдеде Астана, Алматы, түнде Атырау, Қостанай қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.