Ферроқорытпа зауытындағы апат: Зардап шеккендерді Ресей, Түркия және Израиль дәрігерлерді емдейді
Зауытта болған апаттан зардап шеккендердің 6-ы реанимацияда, оның ішінде бесеуі өте ауыр жағдайда.
Қарағандыда ферроқорытпа зауытында болған апаттан зардап шеккен 8 жұмысшыны емдеуге компания басшылығы шетелден дәрігерлер алдыртып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
20 шілдеде таңғы сағат 4:10-да Қарағандыдағы YDD Corporation ферроқорытпа зауытының сегіз жұмысшысын жалын шарпып, олар дереу арада Мақажанов атындағы көпсалалық ауруханаға жеткізілген болатын. Белгілі болғандай, оның 6-ы реанимацияда, оның ішінде бесеуі өте ауыр жағдайда. Компанияның баспасөз қызметі жергілікті дәрігерлерге көмектесу үшін компания шетелдік мамандарды жұмылдырғанын хабарлайды.
«Жергілікті дәрігерлерге кеңес беру және көмек көрсету үшін Ресей Федерациясының бірнеше жетекші институттары мен ауруханаларынан ең жақсы медициналық комбустиологтардың келуін ұйымдастырды. Атап айтқанда, Владимир Амосов бастаған 6 дәрігерден тұратын топ келді. Ол медицина ғылымдарының кандидаты, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Орал мемлекеттік медицина университетінің Апаттар медицинасы кафедрасының доценті. Оның күйіктерді емдеуде 40 жылдық тәжірибесі бар және ол – мықты комбустиолог», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жергілікті мамандарға Мәскеудегі Ф.Иноземцев атындағы қалалық клиникалық ауруханасы күйік орталығының бөлім меңгерушісі Тимур Сухов кеңес береді. Ол күйік науқастарын емдеуге маманданған, 25 жылдық тәжірибесі бар травматолог дәрігер.
Сонымен қатар, жергілікті және Израиль мен Түркиядағы мамандармен онлайн-кеңестер өткізіліп жатыр.
⠀