Спорт

«8,8 миллион»: Төрт күннен соң басталатын Олимпиада ойындарында тарихи рекорд орнады

istockphoto.com

26 шілдеде басталатын Париж Олимпиадасы 11 тамызға дейін жалғасады.

Төрт күннен соң шымылдығы түрілетін Париж Олимпиадасында тарихи рекорд орнады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Халықаралық Олимпиада комитеті өкілдерінің хабарлауынша, сән астанасында өтетін төртжылдықтың басты додасына 8,8 миллионға жуық билет сатылған.

Оған дейінгі рекорд 1996 жылы Атланта (АҚШ) қаласында өткен Олимпиада ойындарында тіркелген болатын.Онда 8,3 миллионға жуық билет сатылды.

Еске сала кетейік, 26 шілдеде басталатын Париж Олимпиадасы 11 тамызға дейін жалғасады. Қазақстан атынан 80 атлет бақ сынайды.

Кеше 27 шілде жарысқа араласатын былғары қолғап шеберлерінің сайыс кестесі жарияланған болатын.