Қоғам

Ассы үстіртіне аттанған 67 жастағы ер адам табылды

ҚР ТЖМ

Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады

Алматы облысы Ассы үстіртінен 67 жастағы ер адам табылды, деп хабарлады ТЖМ.

Мәлімет бойынша, 1957 жылы туған ер адам достарымен бірге Еңбекшіқазақ ауданына Ассы үстіртіне бара жатқан жолда көліктен түсіп, жаяу жүру туралы шешім қабылдаған. Бірақ ол обсерваторияға жете алмай, жол бойындағы киіз үйде түнеген.

РЖҚЖ құтқарушылары ер адамды тауып, ұлына тапсырды. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады.