Қоғам

СҚО-да жол апатынан 3 адам қаза тапты

istockphoto.com

Полиция қажетті сараптамалар мен сотқа дейінгі іс жүргізуді тағайындау үшін материал жинап жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында тас жолда Infiniti FX45 көлігі мен трактор тіркемесі соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Оқиға 21 шілдеде «Астана-Петропавл» тас жолында болған. Апат салдарынан 20 жастағы Infiniti жүргізушісі мен оның 37 және 27 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Infiniti көлігінің 1996 жылы туған тағы бір жолаушысы орталық облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал 35 жастағы тракторшы зардап шеккен жоқ.

Полиция қажетті сараптамалар мен сотқа дейінгі іс жүргізуді тағайындау үшін материал жинап жатыр.