Ішінде 50 адам болған: Қазақстаннан Моңғолияға бара жатқан автобус өртеніп кетті

21 шілде, 2024 / Ақмарал Берекет
Ресей ТЖМ
Салонда 50 адам болған, оның ішінде 15 бала бар, барлығы өздігінен эвакуацияланды

Астанадан Моңғолияның Баян-Өлгей қаласына бара жатқан рейстік автобус 20 шілдеде Ресейдегі тас жолда түгі қалмай өртеніп кетті.

Оқыс оқиға Оңғұдай ауданында болған. Салонда 50 адам болған, оның ішінде 15 бала бар, барлығы өздігінен эвакуацияланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сағат 07:15-те өрт сөндірілді. Автомобиль жолымен көлік қозғалысы шектелмейді. Ресей ТЖМ күшімен жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді.

Тэгтер:

Қазақстан Автобус Моңғолия