Хромтауда тұрғын үйден өрт шығып, 55 адам құтқарылды

21 шілде, 2024 / Ақмарал Берекет
ТЖМ
Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында шақыру түскен сәттен бастап 31 минут ішінде өрт сөндірілді

Бүгін Ақтөбе облысы Хромтау қаласында 3 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде жеке заттар жанды.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында шақыру түскен сәттен бастап 31 минут ішінде өрт сөндірілді.

ТЖМ күштері үш иінді сатының көмегімен 15 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 40 адам, оның ішінде 12 бала эвакуациялады.

Тэгтер:

өрт Хромтау