Спорт

Қазақ боксшылары Парижге аттанды (ВИДЕО)

Бокс федерациясы

Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді

Бүгін Париж Олимпиадасында еліміздің атынан бақ сынайтын боксшылар Францияға аттанып кетті. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан бокс құрамасы үшін Олимпиада сапары басталды. Былғары қолғап шеберлері Алматы әуежайынан Францияға ұшты. Бортта он олимпиадалық үміт, бапкерлер, спарринг серіктестер және ғылыми топ мүшелері бар. 25 шілде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні отандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны анықталады, - делінген хабарламада.