Жаңалықтар

«Қайрат бірінші болып ешуақытта қол жұмсамайды»: Гүлзира Айдарбекова әншіні сынағандарға жауап берді

видеодан скриншот

Әнші Қайрат Нұртас Алматы – Астана бағытындағы ұшақ бортында бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынған болатын.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасына 15 тәулікке қамалған ұлы Қайрат Нұртастың бостандыққа шыққан сәті таспаланған видеоны жүктеді.

«Барша ана атаулыға тілерім: Көз жастарыңыз тек қуанышта тұрсын! Түс көрдім бе, өңім бе, білмеймін, бәрі бұлыңғыр болып, дүние төңкеріліп, қайта қалпына келгендей», – деп жазады продюсер.

Бұл посттың астына енді тентектік жасамау керек екені туралы жазған пікірлердің біріне продюсер:

«Тентіктік жасаған жоқ қой. Ту сыртыңыздан байқаусызда келіп, құлақ шекеңізден бар күшімен бір қойса, үндемей отырасыз ба өзіңіз? Атып тұрып бетін көк ала еткен соққысынан кейін. Қайрат бірінші болып ешуақытта қол жұмсамайды» – деп жауап жазды продюсер.

Оған дейін белгілі заңгер Айгүл Орынбек әншінің анасы әрі продюсерін сынға алған болатын.