Қоғам

Антикор қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасады

Sputnik / Абзал Калиев

Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармау сұралады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаяқтар туралы ескертеді.

Антикор мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және басқа да байланыс арналары) арқылы жалған аккаунттар құратын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалуды жүзеге асыратын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін жеке тұлғалар тарапынан алаяқтық әрекеттер туралы азаматтарды ескертеді, - делінген Антикор хабарламасында.

Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармау сұралады.

Аталған хабарламаларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.