Қоғам

Астанада автотұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Видеодан алынған кадр

Зардап шеккендер жоқ

Астанада "Магнум" сауда орталығы алдындағы автотұрақта тұрған жеңіл көлік өртенді.

Оқиға бүгін 20 шілдеде болған. Оқиға басталған сәтте көлікте үш бала болған, оларды жанында тұрған куәгер алып шығып үлгерген.

Шақырту бойынша мекенжайға жеткен өрт сөндірушілер Lada Priora көлігінің жанып жатқанын анықтаған. Жедел әрекет етудің арқасында төтеншеліктер қызыл жалынды шақырту түскен сәттен бастап 13 минут ішінде сөндірді. 

Зардап шеккендер жоқ.