Қоғам

Қайрат Нұртас бостандыққа шықты (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

Танымал әншіні ата-анасы, достары және жанкүйерлері күтіп алды.

Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас қамаудан босатылды, деп хабарлады turkystan.kz порталы otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қолдау көрсеткен баршаңызға көп рақмет. Менде бәрі жақсы", - деді Қайрат Нұртас.

Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова өз сұхбатында, мұндай қиындықты ешкімге тілемейтінін айтып, сындарлы сәтте қолдау білдіргендерге алғысын білдірді.