Жаңалықтар

Димаш Қытайда өткен «Qingdao International Beer festival» фестиваліне қатысты

сурет: dimashnews.com/

Бұл фестиваль Қытайдың дәл осы қаласында миллиондаған адамдардың қатысуымен 1991 жылдан бері өтеді. Qingdao International Beer фестивалі – Азиядағы ең үлкен ашық аспан астындағы фестиваль және әлемдегі төрттіктің бірі ретінде танымал.

Қытайдың Шаньдун провинциясының Циндао қаласында туризм, сауда, экономика және мәдениет салаларын біріктіретін халықаралық сыра фестивалі 34-ші рет өтуде, деп хабарлады turkystan.kz.

Фестивальде тек қана әлемдік бренд өнімдерінің тұсаукесері ғана емес, сонымен қатар әртүрлі форумдар, дөңгелек үстелдер, цифрлық технологиялар саласындағы көрсетілімдер, өнер көрмелері, қытай және әлем тағамдарының жәрмеңкелері, fashion іс-шаралар, спорттық жарыстар, туристік флешмобтар мен театрландырылған спектакльдер көрсетіледі.

Биылғы іс-шараның негізгі тұжырымдамасы – «Сыра фестивалі + музыка фестивалі» аясында Қытай және басқа да елдердің ең танымал жұлдыздары қатысқан үлкен мереке сияқты өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қытай стилі мен халықаралық элементтердің үйлесуі Қытайдың сыртқы әлемге ашылуын көрсетеді.

Фестивальде Димаш Құдайберген жеті жыл бұрын «I am a Singer» жобасында қазақстандық әншіге Қытай халқының назарын аударған «SOS d’un terrien en distresse» композициясын орындады.

Сондай-ақ, Димаш «Ұмытылмас күн» атты алғашқы әнін орындап, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.

Ал 2023 жылы желтоқсанда Гонконгтағы әртістің жеке концертінде алғаш рет орындалған автордың «When I’ve got you» атты туындысы тыңдаушыларды бірден баурап алды.