Қазақстандық танымал әнші түйеқұс өсірумен айналыса бастады (ВИДЕО)

19 шілде, 2024 / Өтей Торғайұлы
видеодан алынған скрин
Дәстүрлі әнші түйеқұс өсіру кәсібін қолға алды.

Әнші Өмірқұл Айниязов шаруашылығына түйеқұс қосылғаны туралы мәлімдеді, деп жазды turkystan.kz.

Шоу-бизнес жұлдызы әлеуметтік желідегі парақшасында үйінің маңайында жүрген түйеқұстардың видеосын жариялап, ерекше кәсіппен шұғылдана бастағанын айтқан.

"Фазендаға енді бір арыстан алу қалды", - деп әзілдеді әнші әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ ол көптен қорасында жүрген екі түйеқұсқа қандай ат қоюға болатыны жайлы сұраған.  Ал тағы бір видеода баласын түйеқұстың арқасына мінгізуге тырысқан. Желі қолданушылары оның бұл әрекетіне түрлі пікір білдіріп жатыр.

Тэгтер:

Өмірқұл Айниязов кәсіп құс