Экс-министр Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты іс сотқа түсті
Ерлан Тұрғымбаев қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігінде көрсетілген құқықбұзушылықты жасады деген күдікке ілінген.
Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетті. Бұл туралы ақпаратты Астана қаласы сотының баспасөз қызметі растады.
Ерлан Тұрғымбаев қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігінде көрсетілген құқықбұзушылықты жасады деген күдікке ілінген. Бұл бапта қызметтік міндетін орындау кезінде билiктi немесе лауазымдық өкiлетін асыра пайдалану әрекеті көрсетілген.
2024 жылдың 30 сәуірінде бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталғаны хабарланды. Бас прокуратура 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатқанын мәлімдеді.