Алматыда сальмонеллез ауруын жұқтырғандар көбейді

19 шілде, 2024 / Анель Жарылғасын
istockphoto.com
Бұл ауруды жұқтырған 14 жасқа дейінгі балалар саны 25 пайыз болған.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шаһарда сальмонеллез ауруының екі есе өскенін мәлімдеді.

Департаменттің мәліметінше, бұл ауруды жұқтырған 14 жасқа дейінгі балалар саны 25 пайыз болған.

«2024 жылдың алғашқы алты айында Алматыда сальмонеллезбен ауыру көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1,40 болды. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі 0,67 көрсеткіштен екі есе жоғары», – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, аурудың көп бөлігі дайындау технологиясы мен сақтау шарттарына (құс еті, ет және сүт өнімдері) сәйкес келмейтін, үйде дайындалған сапасыз өнімдерді тұтынған жағдайда пайда болады. Сондай-ақ жеке гигиенаны сақтамау салдарынан екен. Кейде қоғамдық орындардан тамақтанған кезде пайда болады дейді.

Осыған байланысты эпидемиологтар тұрғындарды келесі профилактикалық шараларды сақтауға шақырды:

Сальмонеллез – нәжіс-ауыз берілу механизмімен берілетін жедел жұқпалы ауру, жыл бойы кездеседі, бірақ көбінесе жаз мезгілінде ауа температурасының көтерілуіне және азық-түлікті сақтау шарттарының бұзылуына байланысты тіркеледі.

«Сальмонеллездің белгілері пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Өзін-өзі емдеуге болмайды», – дейді департамент.

Тэгтер:

Алматы ауру Вирус