Жаңалықтар

Қазақстан Қырғыз еліне гуманитарлық көмек жіберді

Қырғыз Республикасы ТЖМ

Гуманитарлық көмек құрамында азық-түлік өнімдері – ұн, қант және басқа да өнімдер, ең қажетті тауарлар, сондай-ақ гигиеналық заттар бар.

«Biz Birgemiz Qazaqstan» қазақстандық қоғамдық қоры селден зардап шеккен қырғыз халқына қолдау көрсету үшін 40 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлады turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 19 шілде күні таңертең жүк көліктері қазақ-қырғыз шекарасынан өтіп, Ош облысына бет алады. Гуманитарлық көмек құрамында азық-түлік өнімдері – ұн, қант және басқа да өнімдер, ең қажетті тауарлар, сондай-ақ гигиеналық заттар бар.

Еске салсақ, 14 шілдеде Ош қаласы мен Ош облысында жойқын сел болып, салдарынан 5 адам қаза тапты. Мады, Датка және Баш-Булак елді мекендерінде 642 тұрғын үй, төрт мектеп, балабақша, екі аурухана, мұражай және медициналық пункт су астында қалды. Ошта 146 тұрғын үй мен балабақша зардап шекті.