Анна Данилина Будапешт додасының жартылай финалына өтті

18 шілде, 2024 / Өтей Торғайұлы
Сурет: ҚТФ
Отандасымыз Будапешт (Мажарстан) WTA 250 турнирінің жартылай финалына өтті.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева ширек финалда германиялық Лена Пападакис – америкалық Джесси Энеймен шеберлік байқасты, деп хабарлады turkystan.kz.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:2 есебімен басымдық танытты. Олар екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ. Есеп – 6:4. 

Данилина – Хромачеваның жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Тэгтер:

теннис финал Будапешт