Жаңалықтар

«Кіші ұлымды жерлеп жатқанда, үлкен ұлым жоғалып кетті»: Шымкент тұрғыны 42 жастағы ұлына іздеу салады

Lider.kz Shymkent еріктілер клубы

"Мен оны іздестіре алмаймын, себебі өзім – мүгедекпін".

Шымкент тұрғыны Ольга Кузьмина 42 жастағы ұлы Константин Кузьминге іздеу салып, көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz Мой Город-қа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Шымкентте тұратын Константин досымен бірге Ресейге ақша табуға кеткен. Бір айдан соң үлкен ағасы қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды естіген ол Самарадан Орал қаласына шыққан. Онда Шымкентке қатынайтын пойызға отырмақ болған. Алайда ол сол күйі хабар-ошарсыз кеткен.

— Костяның басында жарақаты бар, оған ота жасалған. Әрі оның талмасы бар, ара-тұра есін білмей қалады. Бәлкім, ол Оралды Шымкент деп жүрген болар. Оралға барып, оны іздестіре алмаймын, себебі өзім – мүгедекпін. Кіші ұлымды жерлеп жатқанда, үлкен ұлым жоғалып кетті. Шымкентте учаскелік полицейді шақырдым, өтініш жаздым. Сосын тергеу тобы келіп, құжаттарды Оралға жіберіп, онда іздестіру жұмыстарын бастайтынын айтты. Шымкентте отырып, не істерімді, кімнен көмек сұрарымды білмеймін»,  — дейді анасы.