T-LIFE

Инженерлер адамның бұлшық еті сияқты жұмсақ әрі икемді құрылғы жасап шығарды

сурет: istockphoto.com

Бұл – салада бұрын-соңды болмаған жаңалық.

Нортвестерн университетінің инженерлері адамның бұлшық еті сияқты жұмсақ әрі икемді құрылғы жасап шығарды. Бұл инновациялық құрылғы, екі формада таныстырылды: құрт тәрізді жорғалап жүретін робот және жасанды бицепс.

Олар тар кеңістікте қозғалып, ауыр заттарды көтере алады, бұл жұмсақ робототехника саласындағы маңызды жетістік саналады.

Құрылғы резеңкеден жасалған, материалдарының құны шамамен 3 долларды құрайды. Бұл дәстүрлі қатты материалдармен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Құрылғының адамның бұлшық еті сияқты қатая алу қабілеті – салада бұрын-соңды болмаған жаңалық.

Зерттеу Нортвестерн университетінің ассистент профессоры Райан Труби жетекшілігімен және Труби командасының мүшелерінің қолдауымен жүргізілген. Олардың қорытындысы Advanced Intelligent Systems журналында жарияланды.