15 жастағы қазақстандық балуан Азия чемпионы атанды
Жас өрен 41 келіге дейін салмақта ел намысын қорғады.
Тайландта күрес түрлерінен U15, U20 жастағы балуандар арасында Азия чемпионаты өтіп жатқан. Ақтөбелік Жаңажол Қуанышбек грек-рим күресінен өз салмағында топ жарды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Qaz365.kz-ке сілтеме жасап. Жас өрен 41 келіге дейін салмақта ел намысын қорғады. Финалда Үндістан балуанын 8:0 есебімен ұтты. Жалпы 15 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатына 10 салмақ дәрежесі бойынша балуандар аттанды. Жас балуандары құрлық біріншілігіне Алмат Кебіспаев, Асхат Жаңбыров, Жарқын Тұрсынов сынды бапкерлер бастап барды.