Жаңалықтар

«15 күндік карантин болады»: Бишімбаев жазасын қайда өтейтіні белгілі болды

Жоғарғы сот

Қуандық Бишімбаев изолятордан колонияға ауысқаннан кейін 15 күндік карантинде болады.

Әйелі Салтанат Нүкенованы қатігездікпен өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әлі де тергеу изоляторында екені белгілі болды.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков бейсенбіде өткен брифингте Бишімбаевтың қандай жерде екенін айтты.

Төраға сонымен қатар Бишімбаев колонияға қамалғаннан кейін бұл туралы сотталушының туыстары мен барлық мүдделі тұлғаларға хабарланатынын атап өтті.

«Сотталған Бишімбаев қазір тергеу изоляторынан әлі кеткен жоқ. Бір-екі күнде мәселе шешіледі. Бекіту жоспарына сәйкес, ол жазасын  қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді», – деді Жәнібеков.

Оның айтуынша, колонияға ауысқаннан кейін Бишімбаевта 15 күндік карантин болады. Содан кейін оны тиісті жасаққа жібереді. Мұнда тәрбие жұмыстары жүргізіліп, психологпен жұмыс ұйымдастырылады.

«Еңбек» РМК-да ол ағаш өңдеу, металл өңдеу бағыттары бойынша жұмысқа орналаса алады. Жұмыс қай бағытта бос орын болуына байланысты таңдалады. Бізде әр мекемеде тікелей жұмыспен қамту бөлімі бар. Келгеннен кейін 15 күн карантинде болады. Біз оны зерттеймізa, кешенді іс-шаралар өткізіледі», – деп толықтырды ҚАЖК басшысы.

Сонымен Теңізжан Жәнібековтың айтуынша Бишімбаев жазасын Аршалы колониясында өтейді. Бұл калония Ақмола облысында орналасқан.