Жаңалықтар

«ЛГБТ өкілі ғашық болды»: Қарагөз Тілеубекова жеке өміріндегі ел білмейтін оқиғасын айтты

YouTube/cкриншот

Өнер иесі «Базар like» бағдарламасында берген сұхбатында өзіне ЛГБТ өкілдерінің де ғашық болғанын айтты.

«Бауыржан-шоу» театрының актрисасы, әнші Қарагөз Тілеубекова жеке өмірінде болған қызықты оқиғасын бөлісті.

Өнер иесі «Базар like» бағдарламасында берген сұхбатында өзіне ЛГБТ өкілдерінің де ғашық болғанын айтты.

«Маған қыздар да ғашық болған. Бір оқиға айтып берейін. «Бауыржан-шоуда» істеп жүрген кезім. Бір ресторанға кіріп, Нұрбек деген әріптесіммен тамақ ішуге барамын. Би кешіне қатысамыз. Сол кезде «андай» қыздар келді. Қазір қалай айтады, ЛГБТ дей ме, қысқасы бағыты бөлек қыздар келді. Қазір оның жасыратыны жоқ, «лесбианка» деп айта береміз. Мен ол қыздарды білмеймін. Мен мінезіммен еркекшора болсам, ол қыз қылығымен еркекшора. Менің артымнан қалмайды ана қыз. Мен ойлаймын енді жай әншейін бір танысқысы кеп отырған шығар деп. Сөйтіп барсам жаңағы Нұрбек үстелге келіп күледі де айтады «саған ана қыз ғашық боп қалыпты» деп. «Ойбай, не дейді мынау? Қане, қайсы қыз? Ой, әйбат қыз екен!» деп мен де қалжыңдадым. Ондай қыздар әлі де бар», – деп күлді актриса.