Атырауда ақша бопсалаған күдікті ұсталды
24 жастағы атыраулық азамат өзгенің жеке басына қатысты бейнематериалды бопсалау мақсатында қолданған.
Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1 млн теңге бопсаламақ болған күдіктіні құрықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
"Ол 27 жастағы азаматты жеке басына қатысты бейнематериалдарды әлеуметтік желіге таратамын деп қорқытқан. 24 жастағы облыс тұрғыны жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсіп, қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды", делінген Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.