Қоғам

Әділет Жауғашар тыңдармандарының өзін танымай қала беретінін айтты

Фото: instagram.com/adilet.zhaugashar

Әнші әлеуметтік желіде қызық жағдайға жиі тап болатыны туралы жазды.

Елге белгілі әнші Әділет Жауғашар сапар барысында кездескен тыңдармандарының өзін танымай қалатынын айтты, деп жазды turkystan.kz.

"Әндерімді тыңдап жүргенмен осылай көрген кезде танымай жататын жандар бар. “Сен анау емессің ба?… Жандос Қаржаубай?” деп сұрайтындар да кездеседі. Әрине, ол мен үшін қуаныш, әншіні қошеметтеп көтеріп, өсіретін де, өшіретін де халық.  Аман болыңыздар тыңдармандарым", - деп жазды әнші.